Тараз қалалық Теміржол вокзалында «Жолаушы уақыты» акциясы өтті

0 1

Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталықтың төрағасы, республикалық Арнайы мониторингтік топтың мүшесі Төлеген Байғұловтың бастамасымен ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Равиль Төлебаев және мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен Тараз қалалық Теміржол вокзалында «Жолаушы уақыты» акциясы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Акцияға қала тұрғындары, жолаушылар қатысып, көкейлерінде жүрген сауалдарына мамандардан жауап алды, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Акция барысында жолсеріктердің заңсыз қызмет жасайтындықтарын «жасырын сатып алушы» әдісімен ашық түрде анықтады.

Осыған орай, «Жамбыл-адалдық алаңы» жобасы кеңсесінде бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталықтың төрағасы, республикалық Арнайы мониторингтік топтың мүшесі Төлеген Байғұлов департамент басшысы Равиль Төлебаев, Желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары Абдулаким Баймырзаев, Тараз теміржол вокзалының бастығы Талғат Төлебеков, көліктік бақылау инспекциясының бөлім басшысының м.а Рақымжан Намазов және тиісті сала мамандарының қатысуымен жиын өтті.

Жиында темір және автомобиль жолдары саласындағы заң бұзушылықтар туралы «жасырын» түсірілген сюжет көрсетіліп, тиісті мекеме басшылары мен мамандары өз салалары бойынша жауап берді. Алайда, кейбір мамандар көтерілген мәселелерге байланысты сұрақтарға нақты жауап бере алмады. Осыған орай, келесі кездесулерге мекеме басшыларының қатысуы тапсырылды.

Департамент басшысы Равиль Төлебаев алдағы уақытта көлік саласында заңсыздықтарға жол бермеу мақсатында Теміржол вокзалының басшысы Талғат Төлебековке заңсыз делдалдар пайда болған жағдайда Желілік полиция бөліміне жедел ақпарат беруін тапсырып, олай болмаған жағдайда Департамент тарапынан вокзал басшылығының өз жұмысына салғыртық танытқанына байланысты хат түсіретінін хабарлады.

Көліктік бақылау инспекциясының бөлім басшысының м.а. Рахымжан Намазовқа рейдтік шаралардың кестесін жасау және пойыз вагондарының жағдайын жіті қадағалау тапсырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.