Жамбыл облысындағы ЖД-158/7 мекемесінде «қақпа алдында кездесу» шарасы өтті

0 0

Жамбыл облысындағы ЖД-158/7 мекемесінде «қақпа алдында кездесу» шарасы өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік жобаның әлеуеті талай жанның қоғам қатарына қайта оралып, оңтайлы айығуына сеп болды. Жұмысқа орналасып, жаңа мамандық игерсе, тіптен кейбірі кәсібін дөңгелетіп, нәсібін айырып отырғандары қаншама. Түзеу орнында бостандыққа бүгін бет алған Нұрлан Әбдіқұлов пен Григорий Ильичевте атаулы шараның шарапатын көрді.

Қақпа алдында еркіндік дәмін жаңа татқан жандарды жақындарымен қатар түрлі сала мамандары күтіп тұрды. Олар сотталғандардың жеке тұлғасын зерделеу барысында денсаулық жағдайы, білім деңгейі, жұмыспен қамтылуы, тұрғылықты жерінің болуы, сондай-ақ оған көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемі қандай болмақ? Міне, осы сауалдардың анық-қанығын екшелеп, әр сала өкілі өз тұрғысынан кеңес беріп, көмек көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.

Сонымен қатар, тұрмыстық және жұмысқа орналасуы жөнінде құқықтары мен міндеттері, керекті құжаттар тізімі мен жұмыспен қамту бөлімінің мекенжайы көрсетілген жадынама да берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.