Тараздықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлауда (ФОТО)

0 3

Бүгін Әулиеата жұртшылығы 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлауда.  Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Саялы Бәйтерек» театрландырылған қойылымы

Мерекелік іс-шараға облыс әкімі Асқар Мырзахметов, ардагерлер мен қала тұрғындары қатысуда.

Білім алаңындағы «Ынтымағы жарасқан туған өлкем Қазақстан» атты жастар мен жасөспірімдер қойылымы

Айта кетейік, бүгінде Жамбыл облысында 80-нен астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Аймақтың тұрғындары бірлік пен ынтымақ мейрамын жылда ерекше атап өтеді. Әсіресе, бір-бірінің ұлттық салт-дәстүрлеріне аса құрметпен қарайды. Бүгін жергілікті жұрт Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне белсенді қатысып жатыр.

Естеріңізде болса, 1995 жылдың 18 қазанында Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі күні ретінде атап өтетін жарлыққа қол қойған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.