WhatsApp мессенджері миллиондаған телефонда істен шығады

0 0

Операциялық жүйесі ескірген смартфондардың иелері қосымшаны 2020 жылдың 1 ақпанына дейін пайдалана алады.  Осы жылдың соңында кейбір телефондарда WhatsApp мессенджері жұмыс істеуін тоқтатады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

2020 жылдың қаңтарында операциялық жүйесі Android 2.3.7 және одан да ескі смартфондарда, сондай-ақ iOS 7 гаджеттерінде WhatsApp істен шығады. Бұған қоса, мессенджер Windows Phone базасындағы барлық құрылғыда да жұмыс істемейтін болады. Бірақ бұл шектеу сәл ертерек – осы жылдың 31 желтоқсанында күшіне енеді.

WhatsApp сайтындағы сұрақ-жауап бөлімі мен қосымшаның баптауында осыған қатысты ескерту жарияланған.

Дегенмен WhatsApp-тың кейбір функциялары көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін істен шығуы мүмкін, деп жазады life.ru.

Leave A Reply

Your email address will not be published.