Жуалыда биыл 3 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі

0 4

Жуалы ауданында биыл 3 білім мекемесіне жалпы құны 27 982,0 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтсақ, А.Байтұрсынов, Қ.Сағындықов, С.Бәйтіков атындағы орта мектептері. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өткен брифингте Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебеков айтты, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

2018 – 2019 оқу жылында аудан бойынша жалпы білім беретін 40 мектептің барлығы компьютендірілген. Аудан бойынша компьютерлердің саны 1 695 дананы құрайды. Нақтырақ айтқанда,  1 компьютерге 9 оқушыдан келеді.

Аудан басшысының мәліметінше, мектептердің барлығы интернет желісіне қосылған, оның ішінде кең арналы интернет желісіне қосылғаны – 40 мектеп (100%). Сондай-ақ, 23 мектептің (57,5%) кітапханасы интернет жүйесімен қамтылған. Жалпы, аудан бойынша 25 лингофонды-мультимедиялық кабинет, №15 мектеп-лицейдін базасынан IT-сыныбы ашылды. 737 оқыту кабинеті бар, ондағы мұғалімдерге арналған компьютерлер – 496 (67,3 %) құрайды.

Биыл  25 млн. теңге компьютермен жабдықтауға бөлініп, 200 компьютер алынып, мектептерге берілді. Бұдан басқа, Елбасы тапсырмасына сәйкес  балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауданымыздағы 76 білім мекемелерінің 76-да (100,0%) бейнебақылау камералары орнатылған.

Тағы бір жаңалық. 2019 жылы аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан  2 300 балаға 164 890,0 мың теңге қаржы қаралып, 3 айда 23 %  яғни, 37 930,0 мың теңге қаражат игеріліп, ыстық тамақ берілді. Осы соманы әр балаға шаққанда 450 тенгеді құрайды.

Бүгінде ауданда 32 мектепке дейінгі ұйымда 2 380 бала тәрбиеленуде. Оның ішінде 26 мемлекеттік балабақшада – 2075 бала, 6 жекеменшік балабақшаларында – 255 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуда.

Айта кетейік, Жуалы ауданы ағымдағы жылы білім беру саласын қаржыландыруға 6,4 млрд. теңге бөлінді, бұл  өткен жылмен салыстырғанда 0,2 млрд. теңгеге артық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.