Құрметті жамбылдықтар! (ВИДЕО)

0 7

2019 жылдың 17 мамыры күні сағат 10:00-да Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Арман Оразалиев азаматтарды жеке сұрақтарымен кезекті рет қабылдайды. Бұл туралы «ZhambylNews» AA облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тараз қаласындағы Пушкин көшесі бойындағы №43 мекен-жайында орналасқан аталған фронт-кеңсеге облыс тұрғындарын қабылдауға белсенді қатысуға және Департамент бастығына өз сұрақтарыңызды қоюға шақырамыз.

Айта кетейік, 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап Жамбыл облысының Полиция департаментінде халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің қағидаларына негізделген полицияның «Азаматтарға арналған қабылдау бөлмесі» фронт-офисінің азаматтарды қабылдау жұмысы ұдайы жүргізіліп келеді. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.