Жамбылға Ресейлік компания өкілдері іс-сапармен келді

0 1

Мойынқұм аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Мұратхан Естаевтың төрағалығымен «Облыстағы басым дақылдардың өнімін ұлғайту мақсатында қолданылатын агротехнологиялық іс-шаралар» тақырыбында семинар өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Оған Ресей мемлекетінен келген Б.ғ.к., «АгроЮни Трейд» ЖШҚ бас маманы Будкина Светлана Викторовна, Б.ғ.к., «АгроЮни Трейд» ЖШҚ бас технологы Алексей Ульшин Алексеевич, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, егін шаруашылығы бөлімінің бас маманы Әбдірәсіл Желеубаев, «AGROTIM» ЖШС –ның директоры Тимур Сегізбаев, аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қызыр Елеусізов пен шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысты. 

Семинарда алдымен сөз алған Б.ғ.к., «АгроЮни Трейд» ЖШҚ бас технологы Алексей Ульшин жоғары өнім алу үшін  қант қызылшасын және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің қарқынды әдістерімен бөлісті.

Глицерол тыңайтқышының ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен санының артуына әсер етіп, өсімдіктердің макро және микро элементтердің әсерінен неғұрлым қарқынды дамып, өнімділігін арттыратыны туралы Б.ғ.к., «АгроЮни Трейд» ЖШҚ бас маманы Светлана Будкина кеңінен ақпарат берді.

«AGROTIM» ЖШС – ның директоры Тимур Сегізбаев ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін өнімнің сапалы екенін, дәнді-дақылдардың күретамырына қан жүгіретінін сеніммен айтты.

Жиынға қатысушылардың толғандырған сұрақтарына облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, егін шаруашылығы бөлімінің бас маманы Әбдірәсіл Желеубаев жан-жақты жауап берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.