FlyArystan әуе компаниясы Тараздан 5000 жолаушыны тасымалдады

0 18

FlyArystan алғашқы Қазақстандық лоукостері 20 операциялық күннің ішінде Тараздан 5000 жолаушыны тасымалдады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында  өткен брифингте FlyArystan әуе компаниясының маркетинг және бренд менеджері Мәдина Бужинова және FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметінің менеджері Ләззат Нәбиева айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі. 

Билет сатылымдарын 29 наурызда ашық деп жариялап, әуе тасымалдаушы Алматы-Тараз-Алматы бағыты бойынша біржақты билеттерді 4999 теңгеге, ал одан кейін оның құнын 3999 теңгеге дейін түсірген болатын.

Сонымен қатар, FlyArystan баспасөз қызметі, лоукостердің қызметі – Қазақстандықтар үшін жер үсті көліктеріне тамаша альтернатива болып табылады. Олар қолжетімді әуе сапарларға қызығушылық білдіріп, белсенді түрде пайдалана бастағанын атап өтті. Бұған қоса мереке мен демалыс күндеріне сұраныс жоғары екеніне назар салып, отандастарға билеттерді алдын ала брондауға кеңес берді. «Билеттер бағасының секунд сайын өзгеріп отыруы, ол әлемдік тәжірибеде бар дүние, баға тұрақты болып қала бермейді. Сол себепті тиімді ұсыныс түсіп тұрған кезде, яғни дәл осы мезетте оны алып үлгеру керек. Үнемдеудің тағы бір амалы, ол орынды таңдау, жол жүк қызметтерін билетті алған бойда сайттан сатып алу, себебі әуежайда, тіркеу кезінде дәл осы қызмет түрі бірнеше есе қымбат болатынын ескерген жөн», — деп атап айтты FlyArystan қызметкерлері.

FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы  Алматы қаласында негізделіп, Skytrax World Airline Awards бағалауынша қызмет көрсету сапасы 4 жұлдызға сәйкестеніп, Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік компания деп танылған, «Эйр Астана» әуетасымалдаушысының бөлімшесі.

FlyArystan әуепаркі 180 орынды 4 Airbus А320 ұшақтарынан құралған. Әуекемелердің орта жасы 6 жыл және де ол Қазақстандағы ең жас реактивті әуефлот болып саналады.

2022 жылға қарай парктегі әуекемелер санын 15 дейін жеткізіп, оларды Қазақстанның бірнеше ірі қаласында негіздеу жоспарланып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.