Өрт сөндіру мекемесінде отбасылық және шығармашылық байқау ұйымдастырылды

0 1

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру мекемесінде отбасылық-спорттық эстафетасы және қызметкерлер арасында шығармашылық байқау ұйымдастырылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Байқау «Бүкіләлемдік отбасы күніне» және «Жастар жылына» орай «Чемпиондар отбасы» тақырыбында қызметкерлердің отбасылары арасында өткізілді. Эстафета барысында балалар мен олардың ата-аналарынан құралған 5 команда мүшелері өздерінің физикалық тұрғыдан қаншалықты мықты екендіктерін таныту мақсатында түрлі дәрежедегі тапсырмаларды орындады.

Сондай-ақ қызметкерлер мен олардың балалары мазмұндама жазу, тақпақ айту, өлең оқу, эсселерден үзінді келтіру мен сурет салу бойынша да бақ сынасты.

Ерекше байқау өте қызықты әрі жоғары деңгейде өткізілуімен есте қалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.