Жамбыл облысында республикалық «Үздік ветеринар- 2019» кәсіби шеберлік байқауы өтті

0 14

Құлан агротехникалық колледжінің базасында Республикалық «Үздік ветеринар-2019» кәсіби шеберлік байқауы өтті,- деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Байқауға Қазақстанның 8 облысынан 9 команда 18 студент қатысты. Байқауды Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасарының м.а. С.К.Есеев ашты. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жамбыл облыстық Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының басшысы О.А.Бердияров байқауға қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

Байқау қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің студенті Т.Асқарбек– І орынды, Талдықорған агротехникалық колледжінің студенті С.Тлеужан мен Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің студенті Ж.Базар – ІІ орынды, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің студенті Р.А.Балабек, Қостанай облысы Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінің студенті В.И.Гаврилова және Түркістан жоғары аграрлық колледжінің студенті А.Р.Орынбек — ІІІ орынды иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ал «Жеңіске құштарлығы үшін» номинациясымен Түркістан жоғары аграрлық колледжінің студенті Е.А.Малдыбай, Қапланбек жоғары аграрлық техникалық колледжінің студенті Н.Е.Абсамат, Қарағанды облысы М. Әдекенов атындағы Қарқаралы ауылшаруашылық колледжінің студенті М.А.Дәріғұл иеленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.