Жамбыл облысында «Уылдырық шашу» жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасуда, оның басты міндеті браконьерлік деректердің алдын алу және анықтау, уылдырық шашу кезеңінде заңсыз балық аулаудың жолын кесу болып табылады,- деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталмыш ЖАІШ Жамбыл облысы Полиция департаментінің барлық қызметкерлерінен үйлесімді жұмысты талап етеді, өйткені Жамбыл облысында 115 түрлі су қоймасы орналасқан, оның ішінде үш үлкен көл — Ақкөл, Билікөл және Балқаш көлдері бар.
«Уылдырық шашу» жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 85 дерегі анықталды
«Уылдырық шашу» жедел-алдын алу іс-шарасы 15 сәуірден басталып 31 мамырға дейін жалғасады. 20 мамырдағы жағдай бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу басталғаннан бері облыстың ПД КҚПБ табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерімен тиісті заңнаманы бұзудың 85 дерегі анықталды.
ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігі бойынша (тыйым салынған жерлерде, тыйым салынған мерзімде тыйым салынған құралдармен немесе тәсілдермен балық аулау ережелерін өрескел бұзу) балық ұстайтын шанышқыны пайдалану арқылы балық аулау деректері бойынша алты материал сотқа жолданды.
Құқық бұзушылықтардың ең көп саны -70, ҚР ӘҚБтК 383-бабы 1-бөлімі (балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ бұзушылық) бойынша анықталған, салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 1,3 миллион теңгені құрады.
Сонымен қатар, Тараз қаласының Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекциясына ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы 1-бөлігінің (жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып кету, әкелу, әкету, сақтау (ұстау)) бойынша материалдарды анықтап, тапсырды.