Тараздағы полиция қызметкерлерінің қызметтік пәтерлері болады

0 1

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Полиция департаментіне бірнеше қызметтік пәтер бөлу туралы шешім қабылдады және бірінші кезекте Бекжан Тіленшиевке берілетін болады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс полиция қызметкерлері өз әріптесіне түрлі кезеңде жалпы сомасы 19 миллион теңге көлемінде ақшалай қаражат материалдық көмек көрсеткен.

ІІМ бастамасымен Бекжан Тіленшиев мемлекеттік квота бойынша Грецияда емделді. Әрі қарай емделу үшін ол Нұр-сұлтан қаласындағы «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ-ға жеткізіліп, ауруханаға жатқызылған болатын.

Ағымдағы жылдың 24 мамырында «Көкнәр-2019» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын ұйымдастыру үшін өңірге келген ІІМ министрінің орынбасары Махамбет Абисатов облыстық Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиевпен бірге қалалық ауруханада жатқан Бекжан Тіленшиевке барып, оны әрі қарай емдеу үшін Нұр-сұлтан қаласына жеткізу мәселесі шешіліп жатқанын хабарлады.

Айта кетерлігі, Департамент бастығы А.Оразалиев Жамбыл облысының әкімдігіне батырға пәтер беру туралы өтініш білдірген болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.