Білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып, 22 мамыр күні педагогтар үшін «Саморегуляция учащихся», «Организация диалога на уроке» тақырыптарында облыстық вебинар өткізді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Аталған іс-шараға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мұғалімдері, барлығы 2802 педагог қатысты.
Іс-шара бағдарламасына сәйкес вебинар қатысушыларына оқушылардың өзін-өзі реттеу және өзін-өзі бағалау жолдарын меңгеру кезіндегі мұғалімнің негізгі міндеттері, диалогтік оқыту әдістері мен проблемалық диалогтың ерекшеліктері бойынша оқу процесінде қолданылатын практикалық тапсырмалар ұсынылды.