Жамбылдық озат оқушылар Мемлекет басшысымен жүздесті

0 8

Жамбылдық  озат оқушылар Мемлекет басшысымен жүздесті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әр өңірінен жиналған халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарымен, оқу үздіктерімен, көпбалалы отбасылардың балаларымен, балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті.

Кездесуге Жамбыл облысынан спортта, оқуда жетістікке жеткен 2 оқушы қатысты. Атаулы күнге орай Президент резиденциясында арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар еліміз үшін маңызды стратегиялық шешімдер қабылданатын осынау ғажап ғимарат туралы көптеген қызықты деректермен танысты.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды мерекемен құттықтап, оларға оқуда табыс тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.