Жамбыл облысында «Ашық есік күні» акциясы өтті

0 3

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының департаментінде жастарға арналған «Ашық есік күні» акциясы өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Акцияға «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері және «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының» тәрбиеленушілері қатысты.
Іс-шара барысында департамент басшысы Р.Қуанышбайұлы оқушылармен еркін форматта сұхбат жүргізді. Өскелең ұрпаққа басшы мен көшбасшы болудың айырмашылығы туралы кеңінен әңгімеледі. Сондай-ақ, оқушыларға болашақта өздеріне қажет болатын мотивациялық ақыл-кеңес берді.

Жамбыл облысында 392 мектепте «Адал ұрпақ» ерікті клубтары ашылып, оған 16 мыңға жуық оқушы (15 832) мүше болып тіркелген.
Клуб мүшелерімен рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған оқу жылы аясында 3 мыңға жуық іс-шара өтті.
Департамент оқу жылы қорытындысы бойынша үздік болып танылған клуб мүшелерін арнайы кітаптармен марапаттады.

Сонымен бірге, өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау мақсатында интернат тәрбиеленушілеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы тарапынан спорттық киімдер табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.