Шу ауданында Жамбыл облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Біз экстремизмге қарсымыз» тақырыбы аясында Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы саясаты туралы форум өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Оған ауыл мешіттерінің имамдары, құқық қорғау органдары, ауыл әкімшіліктеріндегі АТТ мүшелері, аудан тұрғындары қатысты.
Жамбыл облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Бауыржан Жолдасбекұлы модераторлық тізгін ұстаған форумның бірінші бөлігінде аудандық прокурор Жандос Бибосынұлы Бердіқұлов, аудан әкімі Жарылқасын Әбдіғапарұлы Айтақов, исламтанушы, «Нұр-Мүбәрәк» ислам университетінің оқытушысы Бауыржан Әлиұлы, Алматы қаласы орталық мешітінің наиб имамы Көкірекбаев Ермек Жамбылұлы сөз алып, форум тақырыбына тоқталып, ойларын ортаға салды.
Жиналғандар тақырып бойынша дайындалған бейне роликті тамашалаған соң,форумның екінші бөлімі ашылды. Екінші бөлімінде сахнадағы орындықтарға исламтанудың сарапшылары Ғазиз Ахметов, Бауыржан Әлиұлы, Ермек Жамбылұлы, Ержан Аманбаевтар жайғасып, жиналғандарға қажетті мағлұмат берді.
Айта кетерлігі форумды ұйымдастырушылар орынды, ойлы сұрақ қойғандарға арнайы сыйлық дайындап, жиын қалыбын қызықты өткізуге талпынған екен. Өз кезегінде аудиторияды өздерін мазалаған сауалдарын қойып, жауаптарын алды.