Өмір сүруге 20 қулық

0 0

Күнделікті тұрмысқа қажетті 20 қулық. Сіз де біле отырсын деген ниетпен.

Жаңа туфли қысатын болып шықты ма? Үш пар шұлықпен киіп, 10 минут фен ағысының астына қойыңыз.

Пинг-понгка арналған шардың ішке майысқан бөлігін қалып келтіру оңай, ол үшін ыстығы ұрған оттықтың үстіне қою қажет (аралық жақын болып кетпесін). Шар ішіндегі газ жылылықтың әсерінен үлкейіп, нәтижесінде шар бастапқы қалпына қайта келмек.

Жүгіру кезінде бір бүйірдің ауырмасы үшін, әр жолы сол аяқ жерге түскенде дем алыңыз.

YouTube-тан видео жүктеп алу үшін, www. және youtube аралығында URL орнына «ss» қойыңыз және «enter» батырмасын басыңыз.

YouTube-тегі ән қайта-қайта орындалуы үшін, www. және youtube аралығында URL орнына «repeat» сөзін қойыңыз және «enter» батырмасын басыңыз.

Түнде алма шырынын ішіңіз — оның құрамында түсті жарқын әсерге бөлейтін құрам бар.

Егер мобильді қондырғыға «ұшақтамын» режимін қояр болсаңыз, онда жалықтыратын жарнамалар ойын ойнау уақытында кедергі келтірмейді.

Телефондағы музыка даусы қатты шығуы үшін, оны табақ ішіне салып қойыңыз.

Егер сіз тіліңізді күйдіріп алсаңыз, қант ауырудың жеңілдеуіне септеседі.

Көгерген жерден (синяк) құтылу үшін, үстіне уксуспен салынған мақталы тампон басыңыз.

Ұйқышылдықта (сонливость) деміңізді мүмкіндікке орай ұстап тұрыңыз, сосын дем алыңыз. Бұл әдіс жүрек соғысының жиілігінің артуына көмектеседі.

Суық душ қайызғақтан құтылуға жәрдемдеседі.

YouTube-тан жарнама көрмеу үшін, URL «youtube» орнындағы кез келген видеоны «youtubeskip» сөзіне ауыстырыңыз.

Егер сізге таңертеңгілік уақытта бір нәрсені еске түсіру қажет болса, ұйқыға жатарда өз-өзіңізге СМС жолдаңыз және оны ашпаңыз.

Хайуанаттар бағына бара қалсаңыз, аталған орталықтың қызметкерлері киетін киім түсімен бірдей жейде (немесе күртеше) киіп алыңыз. Сонда, жануарлар сізге жақын келіп, жақын аралықтан көруіңізге мүмкіндік туады.

Егер телефон қуаты таусылып және тез арада қуаттау қажет болып жатса, онда «ұшақта» режиміне қоса отырып, желіге қосылыңыз.

Маса шағып алды ма? Қасықты қыздырып, сосын шаққан жерге қойыңыз. Ауырғаны кетіп, мазалауды қояды.

Егер міне-міне түшкіретініңізді біліп қалсаңыз, тілді жоғары көтерсеңіз болғаны, өтіп кетеді.

Егер сіз өзіңізге жақындап қалған көлікті көрсеңіз және қашып құтылмасыңызды аңғарсаңыз, онда жоғары секіріңіз! Осылай ғана аман құтылуға сәл де болса мүмкіндік туады.

Тоқтаусыз соғып тұрған бас ауруын лаймның сығындысымен сүрту арқылы жеңілдетуге болады.

Егер сіз печенье пісіруге оқталсаңыз және жұмыртқа бітіп қалғанын білсеңіз, онда олардың орнын банан басатынын біліңіз (бір жұмыртқаға бананның жартысы).

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.