Электромобиль иелеріне жаңа талап қойылды

0 1

1 шілдеден бастап Еуропа одағында электр көліктерінің қозғалысы кезінде дыбыс шығаруға міндеттелген заң өз күшіне енеді.

Бұл заң велосипедшілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. Бүгінде электромобильдер 20 км/сағ жылдамдыққа дейін жанармай жағатын қозғалтқышы жоқ болғандықтан дыбыссыз қозғалады.

Ұлыбританияның көзі зағиптарға көмек беретін ұйымының айтуынша, жаяу жүргіншілерді кәдімгі көліктерге қарағанда электрокөліктер жиі қағып кетеді екен.

Енді Еуропа одағында сатылатын электромобильдерге арнайы ескертетін құрылғылар орнатылады. Оларға орнатылатын құрылғының дыбысы жылдамдыққа байланысты болады, яғни, жылдамдық жоғарылаған сайын дыбыс та күшейе түседі. Дыбыстың күштілігі 56 децибел болатыны болжанған.

Электромобильдер болашақта жанармаймен қозғалатын темір тұлпарлар сияқты дыбыс шығармайды. Кейбір өндірушілер ғарыш кемелерінің дауысына ұқсас дыбыс шығаруды ұсынған.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.