Жамбыл облысында жоба қызметкерлері ветеринария саласындағы заңсыздықтарды анықтады

0 1

Жамбыл облысында жоба қызметкерлері ветеринария саласындағы заңсыздықтарды анықтады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Жамбыл–адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ж.Жақыпов пен ветеринария басқармасының бөлім басшысы Қ.Қартабаев, ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Н.Жігітеков, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Ж.Коекеевтың азаматтарды қабылдауы өтті.

Қабылдауда облыста ауылшаруашылығын дамыту бағдарламасының жүзеге асуы, жаңа технологияларды жүзеге асыру бағытында аймақта қандай шаралардың жүріп жатқаны, сауданалатын мал етінің санитарлық жағдайы, мал ауруының тіркелген түрлері, агроөнеркәсіптік кешендегі басты мәселелердің бірі көрші елдерден және көрші облыстардан тасымалданатын көкеніс пен жеміс-жидектердің тиісті құжаттары жайлы сұрақтар қойылды.

Тиісті мамандар өз салалары бойынша жауап беріп, атқарып жатқан жұмыстары жайлы толық ақпарат берді.

Мәселен, көрші елдерден және көрші облыстардан тасымалданатын көкеніс пен жеміс-жидектердің тиісті құжаттарын толық бақылауға ала-алмай отқандарын және осы бойынша тиісті жұмыстарды қолға алғандарына тоқтаса, биылғы жылы мал ауруының тіркелген түрлерінің жоқтығын, базардағы мал етінің санитарлық жағдайы бақылауда және құжаттары күнделікті тексерісте екеніне, мал сату үшін арнайы тіркелу қажеттігін және ол ауылда мал ауруының түрлері шыққан жағдайда рұқсат берілмейтінін айтты.

Сонымен бірге Департамент және жоба қызметкерлерінің «Ауыл береке» базарындағы ет сатылатын орындарда жүргізген мониторингте ет саудасының санитарлық және тасымалдау талаптарына сәйкес еместігін анықтаған. Осы бойынша тиісті мамандарға жұмыс жүргізу керектігі ескертілді.

«Жамбыл – адалдық алаңы» жоба қызметкерлері көтерілген мәселерді өз бақылауында ұстап, халықты алдағы уақытта толық ақпараттармен қамтамасыз етіп отыратын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.