Тараздағы батуттардың сапасын бақылау үшін арнайы рейд жүргізілді

0 0

Таразда аттракциондағы жазатайым оқиғаларға жол бермеу бойынша профилактикалық іс-шаралар аясында облыс орталығында орналасқан аттракциондарға, батуттарға жергілікті полиция қызметі, ТЖ департаментінің Тараз қаласы ТЖ басқармасы қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен құрылған комиссиямен рейд жүргізді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Рейд барысында батут иелерімен аттракциондарда қауіпсіздікті сақтау және қамтамасыз ету туралы әңгіме жүргізілді. ТЖ департаментінің қызметкерлері ата-аналарды балаларды қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертті.

Сонымен қатар, аттракциондарды қауіпсіз пайдалану бойынша қажетті шараларды қабылдау мәселелері төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде облыстық комиссияның кезектен тыс отырысында қаралған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.