Әділдік пен өрлеу жолы

0 1

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Игілікбаршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды тұғырнамасы мен «Бірге» жалпыұлттық акциясының барысында ел азаматтарынан келіп түскен ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.

Бұл елімізде нақты жоспарға негізделген жұмыстар қарқынды түрде жүргізіледі деген сөз. Барша Қазақстандықтардың ортақ мүддесіне бағытталған Президент тұғырнамасындағы жоспарлар халықтың тыныштығын, бейбіт өмірін, берекелі ғұмырын қамтамасыз етпек.

Орындалу барысы Президент әкімшілігіне жүктелген маңызды құжат сайлауда ел таңдауымен жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси тұлға ретіндегі беделін, Тәуелсіз Қазақстанның болашағына деген батыл болжамын айқындай түседі. Әсіресе азаматтарға кепілді әлеуметтік қолдау көрсетуде біріңғай стандарттар белгілеу мен олардың қаржылық мүдделерін қорғау жөніндегі тармақтар бүгінгідей бұқараның тұрмыстық мәселесі қызған тұста билік үшін өзекті болмақ.

Бұл ретте Президенттің жүргізе бастаған саяси қызметі ел тарапынан қолдауға ие болатынын болжауға болады. Халық пен билік әрқашан біртұтас болуы тиіс. Әлемдік тәжірибе осындай тұжырымды алға қояды. Ал Президент Тоқаевтың бұл салада, әсіресе сыртқы саясатты тиісті деңгейде жүргізуде маңызды тетіктерді дөп басатынын жақсы білеміз.

Мұнымен қоса аталған тұғырнаманы жүзеге асыруда кешенді және ұзақмерзімді сипаттағы ведомствоаралық іс-қимылды қажет ететін мәселелерге қатысты мемлекеттік органдар тарапынан жеке Жол картасы жасалады. Демек жоспардың қарқынды жүзеге асуына әкімшілік, билік, тиісті органдар бірлесе күш салады деген сөз.

Білімді де білікті мамандармен шоғырланған Президентке Мемлекет басшысы атанған күннен бастап ел тарапынан қолдау да құрмет те тиісті деңгейде жүргізіліп келеді. Тәуелсіздіктің 3-ші онжылдығын аяқтауға таяған сәтте Қазақстанды даму жағынан әлемдік деңгейге көтеру, бүгінгі беделін асқақтату Президенттің басты көздегені екені сайлауалды бағдарламадан анық көрінеді.

Айқын басымдықпен сайлауда жеңіске жеткен мемлекет басшысының үгіт насихат жұмыстары кезінде нағыз іскер басшы екенін танытқан сайлауалды бағдарламадағы жоспар баршамыздың көз алдымызда іске асырылмақ. Бұл ретті ел зор үміт артқан, сенген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа даңғыл жол тілеп, тағылымды істер тындыратынына сенім білдіреміз.

«Jambyl Taraz» газетінің редакциясы»

ЖШС-ның директор-бас редакторы,

қалалық мәслихаттың депутаты Эльмира Мырза-Ғали

Leave A Reply

Your email address will not be published.