Жамбыл ауданына облыс әкімі  Асқар Мырзахметов  жұмыс сапарымен келді

0 3

Жамбыл ауданына облыс әкімі  Асқар Мырзахметов  жұмыс сапарымен келді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қосалқы шаруашылық- бұл ауылдық елді мекенде тұратын жұртшылықтың жағдайын жақсартудың ең тиімді жолы. Ол біріншіден елдің қолындағы малдың басын арттырып, жердің өнімділігін көтеру үшін керек. Осы мақсатта апта бойы облыс өңірлерін аралап жүрген жұмыс тобы бүгін Жамбыл ауданына ат басын бұрды. Облыс басшысы Асқар Мырзахметовтың өзі онда ауыл әкімдерінен жұмыс барысын жеке сұрап, жергілікті халықтың мұң-мұқтажын тыңдады.

Апта басында Меркі ауданынан бастау алған жұмыс тобы үшін бұл үшінші аудан. Жамбыл облысы үшін мұндай ауқымды шара бұрын сонды болмаған. Өйткені, барлық басқармалар мен аппарат қызметкерлерін қосқанда облыстан 70 ке жуық азаматтар ауданға барып, ондағы барлық ауылдық округтеріне бас сұқты. Онда әр үйге кіріп, тұрғындармен жеке-жеке кездесу өткізді. Сол кездесулерде халық тарапынан қандай сұрақтар туындады? Жалпы, ауыл әкімдері түсіндірген алгортимдерді тұрғындар түсінді ме? Осы сұрақтар бүгінгі жиын барысында қаралды.

Жамбыл ауданында 83 мың халық тұрса, онда 3000 ғана шаруа қожалығы бар. Демек, қалған адамдар өз жерлерін дұрыс пайдалана алмай отыр. Оның ең тиімді жолы қосалқы шаруашылық. Яғни, әр адам ауласындағы жерінің өнімділігін арттырып, қорасындағы малын көбейту керек.

Ал, оларға осы жұмыстарды түсіндіру ауыл әкімдерінің құзырында. Бұдан кейін облыс әкімі аудан тұрғындарымен еркін форматта кездесіп, ауылшаруашылығы кооперативтерінің жұмысы, қосалқы шаруашылықтар жөнінде қарапайым тілде түсіндіріп өтті. Жалпы, бұл жиында жұртшылық тарапынан жылы пікір қалыптасып келе жатқандығы да бірден байқалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.