Жамбыл ауданының әкімі «Мемлекеттік қызметшілер» күнімен құттықтады

0 9

Жамбыл ауданының әкімі Бақыт Алпысбайұлы Қазанбасов «Мемлекеттік қызметшілер» күнімен құттықтады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Құрметті әріптестер! Сіздерді «мемлекеттік қызметшілер» кәсіби мерекесімен құттықтаймын. Ауданымыздың қарқынды дамуы Сіздердің мамандықтарыңызға, тәжірибелеріңізге, ұмтылыстар мен жігеріңізге тікелей байланысты. Аудан тұрғындарының әл- ауқатын арттыру және олардың болашағын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы үшін жауапкершілік мемлекеттік қызметшілерге артады.

Осы орайда, кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік, отбасына амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілеймін!

Leave A Reply

Your email address will not be published.