Журналистер күні ресми бекітілді

0 0

Қазақстанда 28 маусым күні бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі атап өтетін болады. Үкіметтің тиісті Қаулысы жарияланды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы (2019 жылғы 25 маусым №431 Нұр-Сұлтан, Үкімет Үйі) «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ етеді:

1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., №53, 343-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде: мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

«6-1. Байланыс жəне ақпараттандыру қызметкерлері күні — 17 мамыр»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні — 28 маусым».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.МАМИН

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.