Тараз қаласында Елорда мерекесіне орай футболдан турнир өтті

0 1

Тараз қаласында Елорда мерекесіне орай футболдан турнир өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі және «Жастар ресурстық орталығымен» «Казфосфат» стадионында Елорда күні мерекесіне орай футболдан Тараз қаласының турнирі ұйымдастырылды. Турнирге Қазақстанның 3 қаласынан 140-тан астам адамды қамтитын 6 команда қатысты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің қатарына ілігіп  бірінші  орынды  ФК Тараз иеленсе, екінші орын Іле Сәулет командасына бұйырды.  Ал үшінші орынды  Трайсе командасы місе тұтты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің медальдарымен, дипломдарымен, жалпы командалық кубоктарымен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.