Түймеш — келіге түйіп, жаңғырыққа салып тоқпақпен жанышталған ет. Оны кейде сол күйі қатырып немесе қарынға салып сақтайды. Майға қарып, суға қайнатып, кейде ішекке тығып қайнатып пісіріледі.
Май түймеш — майын көбірек жіберіп келіге түйген ет. Оны көбінесе өңешке, жүректің қолқасына тығып пісіруге болады.
Бітеу — бүйенге тығып пісірген ұсақ ет. Оның бір жағы тұйық, екінші басы тігулі, соған орай піскенде өз сорпасы өзінде болады.
Меңіреу — әсіптің үлкен және семіз етіп жасалған бір түрі.
Жаужұмыр — сойылған малдың етін бұзып, қалың еттерін арсалап алып, түгелдей өз қарнына салып, су құймай пісірген ет. Оны кейде жаубүйрек деп те атайды.
Борша кісе — тауық, қаз, үйректің, бұзау, лақ, қозының еттеріне күріш, сарымсақ, бұрыш, шикі жұмыртқа, сары май қосылады. Сүт құйып отырып машинаға тартылады. Содан ішекке, бүйенге тығылып немесе қамыр арасына салынып пісіріледі.
Жаубүйрек — қойдың, ешкінің, бағланның бұзбай пісірген бөксесі.
Сырбаз — өз терісіне орап, алдын—ала от жағылған шұңқырға көміп пісірген бағлан еті.
Ет хошан — құйрық май, қамыр, өсімдік майын қоспалап қарынға салып пешке пісіретін, тұз—бұрыш, иіс дәмі келісті тағам.
Дереккөз: massaget.kz