Жамбыл облысында 545 мектепке дейінгі білім беретін мекеме жұмыс істейді

0 3

Жамбыл облысында  545  мектепке дейінгі білім беретін  мекеме  жұмыс істейді . Онда 55207 бала тәрбиеленуде. Ал оқу жылының қарсаңында 5 мектеп пайдалануға беріледі. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмағанбетова  «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты, — деп хабарлайды  «Zhambylnews» AA

Ағымдағы жылы өңірде 2194 орындық 15 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Жекеменшік балабақша үлесі 31,4%  құрап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2%  артық.

Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 3-6 жас аралығында 98%-ға артса, жыл соңына дейін 100%-ға қамтылады.

Ал жаңа оқу жылының қарсаңында аймақта 5 бірдей мектеп пайдалануға берілмек. Олар Жамбыл ауданы Бірлесу еңбек ауылындағы, Меркі ауданының Қазақ дихан ауылындағы, Шу қаласының Тоғай массивіндегі орын тапшылығы бар мектеп, Байзақ ауданындағы үш ауысымды Ақшолақ мектебі және Т.Рысқұлов ауданы Жалпақсаз ауылындағы апатты мектеп.

Қалған 3 апатты мектепке облыстық бюджеттен қаржы бөлінді, құрылысы 2020 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

-7 мектепке күрделі жөндеу жүргізілуде. Бүгінгі таңда оның 3-де құрылыс аяқталды. Шу ауданындағы М.Әуезов атындағы мектептің құрылысы қарашаға дейін жалғасады. Оқу процесіне кедергі келтірмеу шаралары қабылдануда. Бірде-бір бала оқудан сырт қалмайды,-деп атап өтті спикер.

Тағы бір жаңалық. Жаңа оқу жылында аудандар мен Тараз қаласынан тағы 37 IT-сынып ашу жоспарлануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23 IT-сыныбына артық.

Облыс бойынша мектептердің 99% Wi-Fi желісімен жабдықталған. Жаңа оқу жылына дейін мектептерді 100% Wi-Fi желісімен қамтылады. Ал робототехника кабинеттерімен мектептердің 50% қамтамасыз етілді.

Оқулықтарға бөлінген қаржы жеткілікті. 1 қыркүйекке дейін оқулықтар 100% мектептерге жеткізіледі.

Биыл «Жеңіл портфель» жобасы аясында 1 қыркүйектен бастап балалар мен ата-аналар үшін министрлік сайтында оқулықтардың электронды нұсқасы қол жетімді және оны жүктеп алуға болады.

-Қажетті оқулықтардың 92 пайызын баспалардан алып кеттік. Оқулықтарды баспалардан алу үшін арнайы кезек бар. 65 пайызын мектептерге жеткіздік,-деді басқарма басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.