Жолдауға қолдау

0 6

2019 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж.Тоқаев Қазақстан халқына өзінің  алғашқы Жолдауын жолдады.

Онда елдің әлеуметтік саласын,білім беру мен денсаулық сақтау саласымен бірге мәдениет саласына айрықша көңіл бөлінгенін көреміз.

Ел бірлігі-тіл саясаты,халқы тату-тәтті саясаты салиқалы елдің ғана болашағы баянды болатынын дәйекті деректер келтіре отыра көп ұлтты мемлекетіміздің мемлекеттік тілі.Қазақ тілі-ұлт аралық қатынас тіліне айналады деді.

Міндетті зейнетақы қорына қосымша 5 процент мөлшеріндегі жұмыс берушіден аударылатын қаржы 2023 жылға дейін тоқталатынын,бұл жаңа кәсібін ашып жатқан кәсіпкерлерге еңсесін көтеруге үлкен көмек болады.

Ал бизнесті дамытуға 250 миллиард бөлінетінін,халықтың көңілінде жүрген сұрақ,жер сатылмайтынын ашық айтты.

Осының барлығының іске асырылуы қатаң бақылауда болатынын Қаржы Министрлігіне,Есеп комитеттеріне тапсырды.

Бұл Жолдауды жас мемлекеттік қызметкер ретінде мен де асыға күттім. «Еліміздің әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған қандай түйіткілді мәселелер көтеріледі» деген ойда болдым. Бұл жолғы Мемлекет басшысының халыққа арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандырудың бірқатар мәселелері, яғни кәсіпкерлікті қолдау, білім сапасын жетілдіру, көпбалалы отбасылардың жағдайын жақсарту, бағаны тұрақтандыру, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жетілдіру, «қарапайым заттар экономикасын» дамыту, және тағы да басқалар көтерілді.

«Тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі. Шағын, әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, ең алдымен ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады», —  деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, ол «Мемлекеттік қызметшілердің сапасын арттыру үшін олардың қатарына жас даярланған мамандарды тарту қажет» деп жастарды қолдайтынын да білдірді.

Президенттің «Еліміздің әрбір азаматы жақсылықты, өзгерісті нақты сезіну керек» деген сөзі атқарушы билікке де, заң шығарушы билікке де үлкен жауапкершілік жүктейді. Біз ол жұмысқа біз дайынбыз. Барлығын бірдей мемлекетке арта бермей, ел үшін жауапкершілікті сезіну, тек қана еңбек біздің көсегемізді көгертетіні Жолдауда нақты айтылды.

Ардагерлер кеңесінің мүшесі  М.Жаманбаев

Leave A Reply

Your email address will not be published.