Тараз қаласында химия саласы өнеркәсіп өндірісінің негізін құраушы болып табылады

0 31

Тараз қаласында химия саласы қаладағы жалпы өнеркәсіп өндірісінің негізін құраушы болып табылады. Бұл саладағы «Казфосфат» ЖШС-нің Жаңажамбыл фосфор және минералды тыңайтқыштар зауытын қоса алғанда, жалпы 94 млрд. 931,8 млн. теңгенің өнімдерін өндірген  немесе өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 24 млрд. 157,2 млн. теңгеге артық өнім өндіріп отыр. Жалпы өнеркәсіптегі шығарылған өніміндегі олардың үлес салмағы 51,6 пайызды құрады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі. 

Есепті кезеңде өнім көлемінің нақтылай көрсеткіші  бойынша 1 млн. 3,1 мың тоннаға өнім өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 196 мың тоннаға артып отыр. Оның ішінде, негізгі өнімдерін атап өтетін болсақ, майда таратылған фосфор 41,3 мың тонна, сары фосфор  7,9 мың тоннаға, аммофос 50,8 мың тоннаға артса, натрий триполифосфаты 2,9 мың тоннаға,  фосфор қышқылы 3,3 мың тоннаға және азық трикальций фосфаты 6,5 мың тоннаға кеміген, фосфос калий тыңайтқышы өткен жылдың деңгейінде сақталған. Ал, күкірт қышқылын 2018 жылы өндірмесе ағымдағы жылдың есепті кезеңінде 108,7 мың тонна өндірген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.