Жамбыл ауданында бөбекжай қолдануға берілді

0 1

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы Аса ауылында «Ai-Dana» бөбекжайы қолдануға берілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі. 

Бөбекжай 200 орынға арналған заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Әр топқа арналған ойын алаңшалары, жатын орындары мен тәрбиеленетін залдары, музыка және гимнастика, медициналық қызмет көрсету бөлмелері бар. Жас өрендердің тәрбие алуына және олардың бойына білімнің алғашқы негізін қалауға қажетті жағдайдың барлығы жасалған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.