Хакерлер Грузия президенті әкімшілігінің сайтына шабуыл жасады

0
5

Грузияда 2 мыңнан астам интернет-сайтқа кибершабуыл жасалды. Олардың арасында мемлекеттік мекемелердің, соттардың, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ-тар мен жеке компаниялардың сайттары бар. Бұл туралы ҚазАқпарат Новости-Грузии агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Хакерлер Грузия президенті әкімшілігінің www.president.gov.ge веб-порталын да нысанаға алған. Олар сайттың алғашқы бетіне Михаил Саакашвилидің суретін орналастырып, астына ағылшын тілінде «Мен ораламын» (I’ll be back) деп жазып қойған. Қазір сайт мүлдем ашылмайды.

Грузияның үшінші президенті Михаил Саакашвили 2013 жылы ел басшылығындағы екінші мерзімінен кейін лауазымынан кеткен еді. Саакашвили мерзімінің соңғы жылында оппозициялық миллиардер Бидзина Иванишвилидің «Грузин арманы» коалициясы парламенттік сайлауда жеңіске жеткен болатын. Содан бері Саакашвили құрған «Біртұтас ұлттық қозғалыс» Грузиядағы ең ірі оппозициялық партия болып отыр.

Саакашвили Украинада саясатпен айналысып жүрсе де, еліне оралатыны туралы жиі айтады. Бірақ оны «лауазымын асыра пайдаланды» деп, Грузия билігі сырттай соттап жіберген.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here