Жолдың сапасы жіті бақылауда

0 0

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA

Департамент, көліктік бақылау инспекциясы, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, облыстық жергілікті полиция қызметі, арнай мониторингтік топ, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері бірігіп жүк тасымалдаушы көліктеріне рейдтік-профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Аталған іс-шараның мақсаты – инертті материалдарды тасымалдайтын ауыр салмақтағы көлік жүргізушілерімен заңнамалардың бұзылуына жол бермеу арқылы жолдың сапасына нұқсан келтірмеу болып табылады.

Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар ғана бақылауда емес, сондай-ақ, облыстық, аудандық маңызы бар жолдардың бұзылуына жол бермеу мақсатында аудандағы карьерлерге де шығу жұмыстары ұйымдастырылуда. Бүгінгі күні анықталған заң бұзушылықтар бойынша уәкілетті органдармен тасымалдаушыларға 38 хаттама толтырып, 8,6 млн теңгеден аса айыппұл салынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.