Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп – өңір экономикасын алға жетелейтін негізгі күш

0 11

Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп – өңір экономикасын алға жетелейтін негізгі күш. Сондықтан да оны дамыту жолында барлық қолдау мен демеудің тиісті шараларын мүмкіндігінше қарастыру қажет. Бүгін облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының тоғыз айлық есебін тыңдаған аймақ басшысы Асқар Мырзахметов осылай деді. Бұл туралы «ZhambylNews»  АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың тоғыз айында облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 70534-ке жетіп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7688 шағын және орта бизнес субъектілеріне артқан. Есепті жиында осыны атап көрсеткен аталмыш басқарма басшысы Жеңіс Сариев саладағы жемісті жұмыстар мен түйткілді мәселелерді жан-жақты баяндады. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облыс өнеркәсіп кәсіпорындарымен 350 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнім көлемінің 5,7 пайызға артқандығын көрсетеді. Оның ішінде кен өндіру өнеркәсібі бойынша көрсеткіш — 2,8, өңдеу өнеркәсібі бойынша өнім көлемі 7,0 пайызға артқандығын атап өту керек.


Жеңіс Сариев ҚР индустриалды-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста Кәсіпкерлік қолдау картасына енгізілген жобалардың ішінен 55 миллиард теңгеден астам қаржыны құрайтын 33 жоба жүзеге асырылып, 2230 жұмыс орны ашылғанын жеткізді. Сондай-ақ, осы жылдың үш тоқсанында өңірде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 206 миллиард теңгені құрап, тартылған инвестиция көлемі 17,3 пайызға артқандығын тілге тиек етті.

Басқосу барысында биыл «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында 339 миллион теңге бөлініп, 165 кәсіпкерге мемлекеттік грант берілгендігі айтылды. Грант алған жобалар аясында 402 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда екен.

Асқар Исабекұлы өз сөзінде өңір экономикасын арттыруда өнеркәсіп саласының маңыздылығын баса айтып, бұл бағыттағы жұмыстарға аса ден қою керектігіне көңіл бөлді. Ол үшін жауапты тұлғаларға жаңа кәсіпорындар ашуда қажеттіліктерді бағамдай отырып, әр ауданның әлеуеті мен мүмкіндігін зерделеуді тапсырды. Бүгінде жұмыс істеп отырған кәсіпорындардың жүктемесін арттыру жайына жан-жақты талдау жүргізілмек.

Талдау нәтижелері сараланып, тиісті жұмыс жоспарын әзірлеп, бекіту үшін алдағы уақытта кең көлемде мәжіліс өтетін болды. Жиын қорытындысымен хаттамалық тапсырмалардың орындалу деңгейі қаралып, жұмысы сылбыр аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары сынға алынып, тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар жолданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.