Мойынқұм ауданында «Халқыма менің- мың алғыс!» атты жиын өтті

0 1

Мойынқұм ауданында 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған «Халқыма менің – мың алғыс!» атты жиын түрде өтті. Шараға мекеме басшылары, ұстаздар, ауыл тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты,- деп хабарлайды «Zhambylnews»ақпарат агенттігі.
Салтанатты жиынды аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов ашып, жиналған қауымды мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін арнады. Сондай ақ бірқатар азаматтарды ауданның экономикасын дамытуға қосқан үлесі үшін аудан әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапаттады. Бұдан кейін аудан «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Манарбек Көшкімбаев аудан жұртшылығын Алғыс айту күнім құттықтап, «Нұр Отан» партиясының құрылған күніне орай азаматтарды марапатталы.
Салтанатты шарада Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің бастауыш сынып оқытушысы Анастасия Сапаниди мен аудандық орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Шоира Қасымходжаевалар қазақ халқына, туған жерге деген ризашылықтарын білдіріп, ақжарма тілектерін арнады.
Жиын соңы ауданның талантты жастары мен өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.