Талас ауданында Алғыс айту күніне арналған мерекелік шара өтті

0 10

Талас ауданында  «Балалар өнер мектебінде» 1 наурыз — Алғыс айту күніне арналған мерекелік шара өтті ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Шараны, Талас ауданы әкімінің орынбасары Қойлыбаев Төрехан Сарықбайұлы «Алғыс айту күні» мерекесіне орай құттықтау сөзінен бастады.

Мерекелік шара барысында «Славян» этномәдени орталығының жетекшісі – Русаловская Татьяна Николаевна, «Неміс» этномәдени орталығының жетекшісі – Рихтер Валерий Раманович мен «Кәріс» этномәдени орталығының жетекшісі – Цой Екатерина Алексеевна алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Мерекелік кеш соңы славян, күрді, неміс, кәріс этномәдени орталықтарының және «Ұлбике ақын» атындағы мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен ұласты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.