Сарысу ауданы әкімінің іссапары

0 12

Көктем шуағы еніп, жер сызы кетісімен, дала төсінде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық басталады. Бұл — күзде орғанын кәдеге жаратқан егіншілердің тағы да қарбаласқа түсетін, қайнаған қызу еңбектің қызатын шағы. Егістік жерді тазалау, жер жырту, тұқым себу, суару жұмыстары рет-ретімен жасалып, мол өнім алуға бағыт ұсталады.
Аудан аумағындағы агроқұрылымдардың көктемгі дала жұмыстарына дайындығы туралы аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің бізге берген мәліметтеріне сүйенер болсақ, ағымдағы жылдың өнімі үшін былтырғы жылы (2019 жылы) 3150,0 гектар алқапта күздік бидай дақылы себілді. 13345,0 гектар жер сүдігер(келер жылы көктемде себілетін немесе отырғызылатын жаздық дақылдар үшін осы жылғы жаздың екінші жартысында немесе күзде жүргізілітен топырақты негізгі өңдеу)жыртылды.
Осыған байланысты, ағымдағы жылы 1011,0 гектар көктемгі жер жырту жоспарланған. Бүгінгі күнге, 2020 жылдың өнімі үшінжоспарланған 4600,0 гектар жаздық масақты дақылдардың1750,0 гектар себілді, 859,0 гектар көпжылдық шөптің 450,0 гектары, 7220,0 гектар мақсарының 350,0 гектары себілді.
Ауданымызда тұрғындардың тұрмыстық табысын жақсартуға бағытталған тың жобаның жауапты кезеңі басталды. Сарысулық жұрт қазір жер жыртып, көктемгі дала жұмыстарына қызу кіріскен.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне кепілдетілген (гарантийное) дизель отынын жеткізуші оператор болып жеке «ЖК Сарыпбекова» болып бекітілген.
Көктемгі егіс-дала жұмыстарына 715,0 тн дизель отыны бөлінді. Тарату бағасы – 177,0 теңгеден жоғары емес. Бекітілген кестеге сәйкес наурыз айында 123,4 тонна дизель отыны келді.
Бүгінгі күнге шаруалардың сұранысы бойынша 137730,0 литр (115,0 тн) дизель отыны босатылды. Дизель отыны шаруалардың сұранысына сәйкес уақытылы босатылуы бақылауда тұр.
Табиғат түлеп, жер-ана бауыры бусанып, тірлікке түрен салар шақта аудан әкімі Қанатбек Мәдібек көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысып қайтты.
Ең алдымен Түркістан ауылдық округіндегі «Саудакент-2019» ауылшаруашылығы кооперативіне соқты. «Саудакент-2019» АШК Айтбаев Бегайдар ауылдық тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған пилоттық жоба бойынша 19 млн. 600 мың теңге несие алып, егістікпен айналысуда.
Аталмыш кооператив жері шұрайлы, ауа-райы ерек Түркістан ауылдық округі, Жоннан бөлінген 315 гектар жердің 200,0 гектарын жыртып, 170,0 гектар жаздық арпа сеуіп те үлгерген.
Аудан басшысы алынған жаңа техникаларды көріп, коомеративтің алдағы атқарар жұмыс жоспарымен танысты.

Содан соң «Болашақ» шаруа қожалығында болып,төраға Қасым Стыбаев, жеке кәсіпкер «Жанұзақов», «Мұрат», «Арыстанды», «Мұрат» шаруа қожалықтарында болып, егістік пен мал төлдету науқаны барысын білді.
Аралау барысында бүгінгі таңда аймақ тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға барынша басымдық беріліп отырғандығын айтты.
Ауылдық тұрғындар үшін шаруасын жолға қою үшін беріліп жатқан пилоттық жоба аясындағы тиімді несие барысы туралы да атап өтті. Жоба ауқымы ұлғаяды. Нәтижесінде халықты жұмыспен қамту да көзделіп отыр. Халық мүмкіндікті тиімді пайдаланса, облыс тұрғындарының табысы артып қана қоймай, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері де ілгерілейді.
Ауылшаруашылығын әртараптандыру бағытында қолға алынып жатқан шаралардың тиімділгін де алға тартқан аудан басшысының айтуынша бұл жоблар әлі де жалғасын тауып, халыққа үлкен демеу болмақ.
Жалпы Аққырқаның қырында орналасқан Түркістан ауылдық округіндегі тәліми (суарылмайтын) егістік жерлерде көптеген шаруақожалық иелері еңбекпен нәпахаларын жерден көруде.
Көктемгі дала жұмыстарына ауыл шаруашылығы техникаларын дайындау жұмыстары да жүйеленген.
Иә, байқап тұрсақ, жұмыс жоспарлы жүріп жатқан секілді. Және биыл шаруалар жанар-жағармай мен бірқатар дәнді-дақылдардың тұқымынан таршылық көрмейтіні жанға жылу береді.
Десе де, «егіннің жайын еккен біледі» демекші, осы орайда көктемгі дала жұмыстарының жайын аудан басшысы шаруалардың өздерінен білді.
Солардың бірі «Ұшқын» Ш/Қ Майхиев Байбатша – 200,0 га күздік бидай, жаздық арпа 50,0 гектар, 145,49 гектар көпжылдық шөп (таза егіс) ексе, «Бәйімбет» Ш/Қ Қайсарбеков Ғалымжан –400,0 гектар күздік бидай, 120,0 гектар жаздық арпа егіп отыр.
«Арыстанды» Ш/Қ Дандыбаев Жаңабай – 300,0 гектар күздік бидай, 50,0 гектар жаздық бидай ексе, «Мұрат» Ш/Қ Дүтбаев Есенқұл – 300,0 күздік бидай, 650,0 гектар жаздық бидай, 20,0 гектар көпжылдық шөп (таза егіс) егіп, молынан табыс көзіне кенелуде.
Сонымен қатар «Болашақ» Ш/Қ Стыбаев Асан – 200,0 гектар күздік бидай, 50,0 гектар ажздық арпа, «Жарасбек-ата» Ш/Қ Ерубаев Пернебек – 200,0 гектар күздік бидай, 200,0 гектар жаздық арпа, «Азамат-2005» Ш/Қ Досымбаева Шайзада – 120,0 гектар күздік бидай, 210,0 гектар жаздық арпа егіп отыр.
Бүгінгі күнге көктемгі егіс дала жұмыстарына қуатты 22 дана К-700, 7 дана Т-150, 4 дана ДТ-75 және 48 дана МТЗ тракторлары қатысуда.
Осылайша, күн санап дала төсі қызу еңбектің дүбіріне толып, қат-қабат келген қалың жұмыстың сахнасына айналуда.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.