«СК-Фармация – Адалдық алаңы» жобасы аясында атқарылған жұмыстар

0 0

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті мен Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті және Ақпараттық үгіт-насихат штабы арасында «СК-Фармация – Адалдық алаңы» жобасы аясында ағымдағы жылдың 12 ақпанында ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойылды.

Аталған меморандумның 4.3. тармағына (Фармацевтикалық нарық субъектілерінің жосықсыз қызметін болдырмау мақсатында «Құпия сатып алушы» әдісімен бірлескен іс-шаралар өткізу) сәйкес ағымдағы жылдың 13-15 ақпан аралығында арнайы мониторингтік топ өкілдері тарапынан Тараз қаласында орналасқан бірқатар дәріханаларға мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде «Жасұлан және К» дәріханаларында «Цефтриаксон» антибиотиктері дәрігердің арнайы рецептісіз сатылғаны анықталды. Аталған мәселе бойынша тиісті шара қолдану үшін Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне айғақ құжаттар мен арыз жазылды.

Нәтижесінде Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті тарапынан «Жасұлан және К» дәріханасының қызметкері М.В.Шенеманға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 810, 811 баптарына сәйкес 92 785 теңге көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл ағымдағы жылдың 10 наурыз күні толығымен төленді.

Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жалғасатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.