Талас аудандық білім бөліміне қарасты 67 мекеме жұмыс істейді

0 11

Талас аудандық білім бөліміне қарасты 67 мекеме жұмыс істейді , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Олардың ішінде 35 мектеп, 26 балабақша  және мектептер жанынан 16 шағын орталық Қаратау қаласында 6, ауылдық округтерде 10, 5 мектептен тыс мекеме Қаратау қаласында: Балалар өнер мектебі, балалар мен жасөспірімдер орталығы, Ақкөл ауылында  балалар өнер мектебі, «Жұлдыз» аула клубы, «Жұрындысай» балалар-сауықтыру лагері, 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті бар. 35 мектептегі 590 сыныпта 9283 оқушы білім алса, мектепалды даярлық сыныптарында 910 және балабақшаларда 2152 және мектеп жанындағы шағын орталықтарда 645 бала тәрбиеленeді.

Аудан бойынша 17 мектептің әжетханасын ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 78 млн. 086 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Үшарал ауылы Ә.Сағынтаев , Аққұм ауылы Б.Тоқтықожаұлы , Қаратау қаласы К.Маркс , Ш.Уалиханов , Ақкөл ауылы Ақкөл және Ы.Алтынсарин мектептері, Бостандық ауылы Алғабас , Тамды ауылы Қойгелді , Қызыәуіт ауылы Ақтөбе және М.Қыстаубайұлы мектептері, С.Шәкіров ауылы Ш.Смаханұлы , Көктал ауылы М.Жұмабаев , Ойық ауылы Д.Қонаев , Қаратау қаласы А.Байтұрсынұлы, Д.Қонаев, А.Пушкин, М.Әуезов мектептері.

Аудандық білім бөліміне қарасты мектептерге биология кабинет және ІТ сыныптар ашуға, робототехника сатып алуға аудандық бюджеттен 107 млн. 144 мың теңге бөлініп, қажетті жабдықтар толығымен жеткізілді.

Сонымен қатар, білім бөліміне қарасты мектептерге 266 дана компьютер сатып алуға аудандық бюджетен 39 млн. 990 мың теңге бөлініп, 266 дана компьютер толығымен жеткізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.