Карантиндік шектеулерге қолдау-халық денсаулығын сақтау кепілі

0 0

Кеше Ақ ордада ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың қатысуымен Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысы өтті.
«Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды.

Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті.
Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады» – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында.
Осы отырыста мемлекет басшысының сөйлеген сөзі барлық еңбек ұжымдары мен аудан жұртшылығына таныстыру,ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Жергілікті басылымда мәлімдеме мәтіні басылып,пікірлер жазылды. Ресми парақшаларда насихатталды.Төтенше жағдай тоқтағанымен карантиндік шектеулердің сақталуы бойынша жұмыстар жалғасады.Бұл- халық денсаулығын сақтау бойынша жасалған шара. Себебі қауіп көп,ал сақтану -маңызды мәселе.
Бұл жұмыс әлі де жалғасын табуы үшін ақпараттық жұмыс жүргізудің Медиа-жоспары бекітілді.
Осы бағытта жоспарлы жұмыстар атқарылатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.