Арнайы мониторингтік топтың 4 отырысы өткізілді

0 3

2020 жылдың 1 тоқсанында арнайы мониторингтік топтың 4 отырысы өткізіліп, 14 сұрақ қаралды. Отырыстардың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға 23 ұсыныстар берілді (оның 16 орындалды және 7 орындалу барысында).
Арнайы мониторингтік топтың мүшелері білім саласындағы кемшіліктерге, Тараз қаласы аумағындағы жол белгілеріне, қоғамдық көлік қызметі төңірегінде қордаланған мәселелерге, қалалық емханалардың қызметіне, азаматтарды мекен-жайға тіркеу, полиция участкелерінің материалдық жағдайына, атаулы әлеуметтік көмек алу кезіндегі е-халық ақпараттық базасының кемшіліктеріне, мемлекеттік органдардың ресми сайттарының толықтығына мониторинг жұмыстарын жүргізіп сонымен қатар темір жол көлігінде билетсіз жүргендерді анықтау бойынша, қызметтік автокөліктерді жұмыстан тыс уақытта қолдану және мемлекеттік қызметкерлердің және өзге де жол қозғалысы қатысушыларының жол жүру ережелерін бұзуын анықтау бойынша рейдтік іс-шараларға қатысуда және енгізілген ұсыныстардың орындалуын бақылауда.
МЫСАЛЫ:
— Білім саласында бірден бірнеше мәселе бақылауда тұр. Олар: жастар бойындағы адалдық принциптерін қалыптастыруға бағытталған кешенді жұмыстардың аралық нәтижелері, білім нысандарына қатысты интернет желісінің қол жетімділігі мен оның талаптарға сай болуы және аталмыш мекемелердегі іскерлік қарым-қатынас барысындағы тұрмыстық жемқорлықтың тәуелділік деңгейін төмендету;
— Тараз қаласы аумағындағы жол белгілеріне жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша дербес орнатылған, ескірген, көрінбей қалған және стандартқа сай келмейтін жол белгілерін анықтап, олардың қалпына келтіру бойынша жұмыстардың орындалуын қатаң бақылауда және арнайы мониторинг топ мүшелерімен бірлесе отырып, заңсыз орнатылған жол белгілерін анықтау мақсатында тұрақты рейдтік шаралар жүргізілуде;
— Қоғамдық көлік қызметі төңірегінде қордаланған мәселелер өте көп. Аталмыш мәселелердің барлығы дерлік сапаға келіп тіреледі. Өңірімізде халықты сапалы қоғамдық тасымалдау қызметімен қамтамасыз ету үшін ең біріншіде «Е-билетирование» жүйесін енгізіп, саланы цифрландыру керек. Бұл қадам көп мәселенің орнынан қозғалуына себеп болатыны сөзсіз. Сондықтан да аталмыш мәселеге байланысты арнайы мониторингтік топ зерделеу жұмыстарын жүргізіп қазіргі таңда құзыретті органдардға ұсыныстарын енгізген болатын.
Сонымен қатар Арнайы мониторингтік топтың мүшелері көлікті бақылау инспекциясымен бірге жүктерді тасымалдау кезіндегі салмақтың рұқсат етілген өлшемдерінің нормаларын сақтауна тұрақты түрде мониторинг жүргізуде. Мәселен ағымдағы жылдың 3 айында көлікті бақылау инспекиясымен жалпы соммасы 8 769100 тенгеге 308 әкімшілік хаттама толтырған. Ал осы жылдың 13-20 наурыз аралығында 1 аптаның ішінде арнай мониторигтік топ барлығы 1 795 600 теңге көлемінде айыппұл салдырған болатын. Сонымен қатар жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша көлікті бақылау инспекциясының жұмысындағы анықталған кемшіліктерді жою мақстанда (олар: айыппұл салдырмау үшін қоңырау шалу арқылы қысым көрсету, рейдтік жұмысқа тұрақты түрде жол потрульдік полиция қызметін тарту сондай ақ жылжымалы бекетерді толығымен материалдық базамен қамтамасыз ету) орталық ақпаратқа және Көлік комитетіне ұсыныс әзірленіп жолданылған болатын.
Дәл солай арнайы мониторингтік топтың мүшелерімен тегін дәрі-дәрмек бөліну процедурасын зерделеу жұмыстары жүргізіліп бірқатар кемшіліктер анықталған.
Осыған орай қалалық емханаларда тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілетін азаматтармен телефон арқылы сауалнама жүргізіліп, онда келесі мәселе анықталды:
Жамбыл ауданы, Ақбұлым ауылының тұрғыны Г. Жылтынбаева 2019 жылдың қыркүйек айында 651 452 теңге тұратын 1 қорап «Иммутин» дәрісін алғанын растады. Алайда деректер базасыда азаматша Г. Жылтынбаева 3 қорап «Иммутин» дәрісімен қамтамасыз етілді деп көрсетілген.
Дәл сондай Л. Адалбекова, М. Игликова, В. Покидова және Б. Атигулова 2019 жылдың 12-13 желтоқсанында 398 790 теңге тұратын 1 ампуладан «Гербептин» дәрісін алғандарын айтты. Алайда базада аталған азаматшалар 2 ампуладан «Гербептин» дәрісін алған деп көрсетілген.
Қазіргі таңда мониторинг қортындысы қылмыстық құқық бұзушылық көріністерінің болуына байланысты Департаменттік жедел басқармасына жіберілген.
Сондай-ақ арнайы мониторингтік топтың мүшелері Департаментпен немесе «Жамбыл — адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен ұйымдастырылған іс-шаралардың барлығына белсене қатысуда.
Қазіргі таңда COVID-19 вирустық ауруының таралуын алдын алу бойынша еліміздің барлық өңірінде төтенше жағдай жарияланған.
Осыған орай Жамбыл облысы, сонымен қатар Тараз қаласы кіреберістерінде 37 (7 Тараз қаласында) карантиндік бекеттер орнатылған.
Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаменті осы карантиндік бекеттердегі жағдайды күнделікті бақылауда ұстауда.
Департамент жанынан құрылған арнайы мониторингтік топ өкілдері карантиндік бекеттерде монторинг жұмыстарын жүргізіп бірқатар кемшіліктер анықтаған болатын. Ол: төтенше жағдай кезінде алгоритмдік жұмыс ережесі нақтыланбаған, карантиндік бекеттер толық қажетті жағдайлармен жабдықталмаған, көліктерді тексеру кадрларының аздығы техниканың, қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, үстіндегі киілген міндетті киімдердің сай еместігі және тағы сол сияқтылар.
Осыған орай Департаментпен Жамбыл облысы әкімдігіне бірқатар ұсыныстар енгізіп, соның нәтижесі бойынша қазіргі таңда карантиндік бекеттер қажетті (арнайы) құрал-жабыдықтармен қамтамасыз етілген, бекет жұмысының алгоритімі әзірленген, бекеттерде онлайн камералар орнатылғанын атап айтуға болады.
Арнайы мониторингтік топтың назарында осы қиын тұрғыда тек қана блок бекеттер ғана емес осы COVID-19 вирустық ауыруымен әр сала бойынша күресу шаралары да бақылануды.

Мысалы карантин кезінде қаланы дезинфекциялау мәселесі. Жүргізілген мониторинг жалпы қаладағы аялдамалрды дезинфекциялауға 12 млн. қаражт бөлгендігн және ол ақша 4 мердігер мекеме арасын бөлініп, әр қайсысы күнделікті екі мәрте 128 аялдамны дезинфекциялаумен айналысқан. Сонымен қатар қаланың 78 көшелерінде 6 арнай техникамен дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу үшін 33 млн. теңге бөлінген және ол жұмыстар тиісті деңгейде атқарылып жатқандығын мониторинг көрсетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.