Рамазан айындағы қайырымдылық

0 6

Сарысулықтар үнемі қайырымдылық шараларын жалғастырып келеді. Рамазан айы барысында да көптеген жандарға қаржылай, азық-түлікпен және басқалай да қайырымдылық шаралары жасалды. Сондай шараның бірі күні кеше де көрініс тапты.

Аудан бойынша көмекті шын қажет ететін 50 отбасына 750 мың теңге көлеміндегі азық-түлік көмек берілді.
Шарапаты мол Рамазан айында қайырымдылық жасап, бауырыңа қол ұшын созу үлкен сауапты іс.

Осындай істерге ұйытқы болған Сарысудың белсенді азаматтары мен сыртта жүрген жерлестеріміз. Талғат Шамшиев, Байман Серіков, Ермек Тазабеков, Ғалымжан Қанатбеков, Мурат Мамыров, Нургали Сайрамов секілді Сарысулық азаматтар бастаған басқа да жомарт жерлестеріміз кейінгі 1-2 айдың өзіңде біршама игі істердің ұйытқысына айналып жүр.

Бұл басы не соңы емес, ауданымыздың тумалары қоштаған қайырымдылық әлі де жалғасын табатын болады дейді азаматтар.
Осындай елім деп жүректері соққан, бас көтерер азаматтар аман болсын! Қасиетті айда жасаған ізгі амалдарына Алланың нұры жаусын демекпіз.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.