Қуғын сүргін құрбандарын еске алуға арналған тақта орнатылды

0
106

Жылдар өткен сайын ұрпақ ауысып жатыр. Туған жердің тарихын білетін тұлғалар ертең арамыздан кетсе, осы жерде болған оқиғалардың барлығы ұмыт болады. Сол себепті, ұмытылмастай өнегелі іс қалдыру парыз.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-кұрметтеудің түрлі жолдарын табу керек. Әсіресе, «Туған жер» бағдарламасы бұл бағыттағы жалпы ұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады» деген болатын. Иә, жақын адамына, туған өлкесіне жақсылық жасау қазақтың қанына біткен қасиет.

Бүгінгі таңда, мұндай қолы ашық, қайырымдылыққа жаны құмар жандар жетерлік. Осы тұста, «Ауылына қарап, азаматын таны» демекші, Жайылма ауылында сауапты іс жасалды…

1997 жылдан бастап «31-мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып ресми бекітілген болатын. 1937-1939 жылдар аралығында қазақтың бас көтерер зиялы қауымының көпшілігі қуғын-сүргін құрбанына айналды. Қазір осы датаны аза тұту күні ретінде атап өту парызымыз. Себебі өткенін ұмытқан ұлттың болашағы да жоқ.

Сол тұстағы солақай саясаттың құрбанына айналған тұлғаларға тағзым ретінде Жайылма ауылдық округінің әкімі Жандарбек Смағұловтың ұйымдастыруыммен және Жайылма ауылындағы кәзіргі Әйтеке би (бұрынғы В.И.Ленин) атындағы мектебін бітіргендеріне 40 жыл толған түлектердің демеушілігімен Саяси қуғын құрғын кұрбандарының және ашаршылық жылдарындағы құрбандарына арналған еске алу мемориалды тақта орнатылды.

Дариха Үмбетиярова,Сарысу ауданы

 

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here