Мойынқұмдық кәсіпкерлер демеушілік жасауда

0 1

Мойынқұм ауданындағы «Мыңарал цемент зауыты» басшылығы аудандық орталық ауруханаға көпфункциялы  реанимациялық 2 төсек табыс етті, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Елімізде болып жатқан жағдайға байланысты аудан әкімі Мәден Мұсаев аудан кәсіпкерлерін індетпен күресуге қолдау көрсетуге шақырған болатын. Осы негізде аудан кәсіпкерлері игі істі қолға алды.

Коронавирусқа қарсы емдеу шараларына қажет төсек жабдығының құны 2 млн 500 мың теңгені құраған.  Ал, реанимациялық төсектерді аудан әкімінің орынбасары Б.Қалымбетов аудандық орталық ауруханаға табыс етті.

Бұған дейін коронавирус дертіне шалдыққан   жамбылдықтарға жомарт жандар көмек қолын созған еді. Аймақтағы 40-қа жуық кәсіпкер азамат мұқтаж жандар үшін оттегі концентраттары мен дәрі –дәрмек сатып әперген болатын.

Айта кетейік, қазіргі таңда елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққан 66 895 науқас тіркелген, жазылып шыққандар — 40 256.

Leave A Reply

Your email address will not be published.