Талас ауданында азық-түлік бағаларына моноторинг жүргізілді

0 1

Талас ауданында негізгі азық-түлік тауарларының 19 атауы, негізгі азық-түлік емес тауарларының 53 атауы бойынша мониторинг жүргізіліп, баға қорытындысы бойынша  3 тауар қымбаттағаны анықталды, — деп жазады «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Аудан әкімінің қаулысымен 24 мүшеден құралған аудандық штаб құрылып, 2020 жылы 9 аудандық штаб отырыстары өткізілген және хаттамалар негізінде тиісті тапсырмалар берілген. Өңірде мына тауарлардың бағасы көтерілген: жұмыртқа (7 теңгеге, 26,1%-ға), сәбіз (23 теңгеге, 19,7%-ға), картоп (66 теңгеге 57,9%-ға) қалған 16 тауарлар бағасы тұрақты деңгейде. Себебі, Тараз қаласындағы орталасқан «Ауыл береке» базарында көкөністердің көтерме сауда бағасы қымбаттауына және ұн тауарын алып келіп жатқан фирмалардың көтерме бағаларының көтеріңкі болуына байланысты болып отыр.

Қаратау қаласында 7 наубайхана (Анель, Березка, Диана, Амир, Ләззат, Рахат және Қайсар) жұмыс істейді. Ауданда күнделікті орташа есеппен 6500 бөлке нан шығарылады. Бүгінгі күнге бірінші сұрыпты ұнның 1 кг бағасы 146 теңге аралығында болып отыр. Қазіргі таңда, өңірде сауда дүкендерінде 1 бөлке нан 83-90 теңгеден сатылуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.