Мойынқұм ауданының азаматтары асарлатып үй салуды қолға алды

0
18

Мойынқұм ауданында  Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасын басшылыққа ала отырып «Асарлатып үй салу» жобасын Айдарлы ауылында қазақтың ертеден келе салт-дәстүрлеріне сай асарлата бастап, көп балалы көмекке мұқтаж, үйсіз 1 отбасына үй салуды қолға алды , — деп хабарлайды  “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Бұл жобаны іске асыруға Айдарлы ауылының ақсақалдар алқасы мұрындық болып, жастары қолдау көрсетіп іске асыруда.

Бүгінде бірқатар аудандарда жоба бірден қолдау тауып, тұрғындардың ауылдастарына асарлатып үй салып беру ісі басталып та үлгерген.

Оның бір мысалы ретінде Байзақ ауданы, Мәдімар ауылдық округ әкімінің шешімімен 15 соттық жер телімі бөлініп, 4 бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана – Ғалия Құрмановаға 4 бөлмелі үй салынып жатқанын айтуға болады. Оған ауылдықтар көптеп-көмектеп қолғабыс білдіріп жатыр. Мұндай игі тірлік аудандағы Үлгілі, Қызыл жұлдыз, Бәйтерек ауылдарында жалғасын табуда.

Сондай-ақ, Сарысу, Шу ауданындағы да бірқатар ауылдық округтерде осы бағыттағы жұмыстар қолға алынған. Атап айтсақ, Сарысудың Жаңаталап ауылдық округі Ұйым ауылы тұрғындары тарапынан қаржы жинақталып, жалғызбасты анаға асарлатып үй салынуда.

Қазіргі таңда үйдің қабырғалары көтеріліп жатыр. Басқа ауылдарда да жұмыс қолға алына бастаған.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here