Қордайда заңды бұзған кәсіпкерлерге хаттама толтырылды

0
60

Қордай ауданында аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозов арнайы құрылған мобильді топ мүшелерімен бірге қоғамдық орындарға рейд жүргізу жұмыстарын жалғастырды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Рейд барысында Қордай ауылында сағат 20.00-ден кейін сауда орындарының немесе қоғамдық тамақтану орындарының маңында адамдар байқалған жоқ. Айта кетерлігі, дәмханалар мен сауда орындары талапқа сәйкес жұмысын тоқтатқан.

Дей тұрғанымен де, бірқатар кемшін тұстар анықталғанын айта кету керек. Мәселен, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері «Барыс» сауда павильондарының маңында орналасқан «Зарема» дәмханасының қызметкерлеріне санитарлық нормаларды сақтау бойынша ескерту жасады.

Сондай-ақ, Сарыбұлақ ауылдық округінде республикалық маңызы бар тас жолдың бойындағы дәмхана қызметкерлеріне де ескертулер берілді. Мұнда 5 қоғамдық тамақтану орындары сағат 20.00-ден кейін жұмыстарын жалғастырып, бірқатары санитарлық нормаларды ұстанбаған. Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері тиісті шаралар қабылдап, хаттама толтырды, сондай-ақ құжаттары аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Тәртіп бұзушыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, айыппұл салынатындығы айтылды. Рейд жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасатын болады.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here