Өңірде «Мың алғыс!» жалпыреспубликалық акциясы ұйымдастырылды

0 0

Бүгін облыста Қазақстан халқы ассамблеясы Құрбан айт мерекесіне орай вирусқа шалдыққан емделушілермен тікелей жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің отбасыларына көмек көрсетуге бағытталған  «Мың алғыс!» жалпыреспубликалық акциясын ұйымдастырды, — деп жазады «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Аталған шара қазіргі күрделі жағдайда жұмыс жасап жатқан дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерге материалдық, моральдық қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Акцияға этномәдени бірлестіктер,  ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, Ассамблеяның волонтерлік қозғалысы орталықтары белсене араласты.

Құрбан айттың бірінші күні медициналық қызметкерлердің әлеуметтік осал топтағы 50 отбасына азық-түлік себеттері (ұн, күріш, қант, өсімдік майы және тәттілер) таратылды.

Қайырымдылық шарасы 3 күн бойы жалғасады және облыстың барлық аудандарын қамтиды. Аудандағы этномәдени  бірлестіктер,аналар кеңестері, қоғамдық келісім кеңестері қатысады.

Айта кетейік, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының шілде айындағы пандемия салдарынан қиындыққа ұшыраған облыс тұрғындарына медициналық жабдықтар, дәрі-дәрмектер, азық-түлік және басқа да тұрмыстық заттар түріндегі көмегі  103 млн 704 мың теңгені  құраған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.