Айдарлы ауылында шағын футбол алаңы ашылды

0 0

«Жұмыспен қамтудың жол картасы»  мемлекеттік бағдарламасы аясында және облыс әкімінің «Сөзден іске» жобасы аясында бүгін Мойынқұм ауданы Айдарлы ауылында шағын футбол алаңы ашылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов, аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мерей Қалдыбеков, ауыл әкімі Әділет Мұқашев және ауыл ақсақалдары қатысты.

Алаңның ашылу лентасын салтанатын аудан әкімінің орынбасары А.Нәметқұлов пен ауыл ақсақалы, ауылдың Төбе биі Есілбаев Несіпбай қиып, ауданның » Құрметті азаматы» Абдразаков Нұрғазы жастарға құттықтау тілек айтты.

Сондай-ақ, ашылу салтанатына ауыл жастарының футбол командасы қатысты. Шарада барлық санитарлық талаптар сақталып өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.