Тараздық NIS оқушысы ел намысын қорғауға АҚШ-қа аттанады

0 3

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы Сәния Қайнарқызы Халықаралық Балалар өнер қоры (ICAF) ұйымдастырған өнер Олимпиадасына АҚШ астанасына шақырту алды , — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Санияның «Каратэ – менің жақсылық философиям» атты жұмысы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. NIS оқушысы олимпиаданың екінші кезеңінде Қазақстанның атынан қатысатын жалғыз делегат атанды.⠀

Сурет салумен көптен бері айналысамын. Шығармашылық жұмыс арқылы өз ойымды білдіре аламын. Бірнеше жыл бұрын көркемсурет мектебін аяқтадым, қазір өнер мұғалімі Елена Львовна Пактың элективті курстарына қатысып жүрмін. Сурет салумен қатар спортпен шұғылданамын, домбырада ойнаймын. Бұрын спорттық бал билерімен айналысатынмын, қазір каратэге қызығып жүрмін. Дәл осы спорт түрі мені конкурстық жұмысымды жасауға шабыттандырды, – дейді дарынды оқушы Сания.⠀

Короновирус пандемиясына байланысты Олимпиаданың соңғы кезеңі келесі жазға ауыстырылды. Бірақ бұл Санияның көңілін түсірген жоқ, өйткені ол өз шеберлігін шыңдауға көп уақыт бар екеніне қуанышты. ⠀

Вашингтондағы жеңіс – бұл Санияның алғашқы шығармашылық жетістігі емес, ол «Премия нового формата», «Звезды мира» және «Ак бастау» сияқты халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанып үлгерген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.