Жамбыл ауданында 23 ауыл ауыз сумен қамтылған

0 5

Елімізде таза ауызсу күрделі мәселеге айналған. Оның ішінде Жамбыл ауданы да бар. Дегенмен қазіргі таңда ауданда ауызсумен 23 ауыл қамтылған, — деп жазады «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Күні кеше Аса-Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік мекемесі Аса ауылындағы жаңа бір көшеге су құбырын жүргізіліп бастады.

– Біздің кәсіпорын стратегиялық объект болып табылады. Біз, негізінен, су құбырын және ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізумен айналысамыз. Нақтырақ айтсам, кәсіпорын жерасты суын өндіріп және тазартып, халықты ауызсумен қамтамасыз ету, сорап стансаларына және су сорғыларына ағымды жұмыстар жүргізу, су есептегіш құралдарын орнату, жерасты суын пайдаланудың тиімділігін арттыру және үнемдеу, өнімсіз шығынды кеміту шараларын іске асыру, толық шаруашылық есеп жүргізу қызметтерін атқарады, — дейді мекеменің басшысы Марат Бұралқиев.

Ауызсу және кәріз суының бағалары «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы», «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының және табиғи монополиялар субъектілерінің талаптарына сай белгіленеді.

Мекемеде 33 адам жұмыс жасайды. Яғни, негізгі өндірісте жұмыс істейтін 27 жұмысшы, 6 кеңсе қызметкері бар. Нысан аудан бойынша 23 елді мекенді таза ауызсумен қамтамасыз етеді. Жалпы су құбырының аудан бойынша ұзындығы 477,1 шақырымды құрайды. Ауданда 27 су стансасы бар. Сондай-ақ, Аса ауылында Жамбыл облысы бойынша биологиялық тазарту стансасы жұмыс атқарады.

Қазірде ауданда су саласы бойынша күрделі мәселе бірнеше жылдан бері айтылып келеді. Мәселен, Ерназар, Өрнек, Қаракемер, Ақбұлым, Қызылқайнар, Бектөбе, Қызылшарық ауылдарындағы ауызсу құбырының тозығы жеткен. Су сорғылары және құрал-жабдықтары, электр құрылғылары, су құбырлары істен шығып, ағымды және күрделі жөндеуді қажет етеді.

— Ағымдағы жылдың мамыр, маусым айларында Бірлесу-Еңбек ауылында 800 метр, Аса ауылында 900 метр су құбырын жүргіздік. Біздің жұмысшылар уақытпен санаспай еңбек етіп келеді. Тіпті, сенбі, жексенбі күндері де жұмыс атқарады. Айтуға тұрарлық тағы бір мәселе, суды тұтынушылар судың ақысын уақытында төлеп тұрса құба-құп болар еді, – деді Марат Әсембекұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.